Жаңалықтар
«Бәрі өтірік сөз екен»: Актриса келіндік өмірі туралы шындықты айтты
Фото: instagram: farizayeskermes
Қазақстандық танымал актриса Фариза Ескермес жеке өміріне қатысты сыр бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Тойдан кейін елордаға ұшып кеттім, әлі күнге дейін осындамын. Осында не үшін келгенімді жақында білетін боласыздар. Тұрмысқа шыққан соң келін үйде отырады, шай құяды дегеннің бәрі өтірік сөз екен. Менің жағдайымда келін жаңа шыңдарды бағындыруға кетті», – деп жазды актриса Instagram парақшасында.