ЖаңалықтарСпорт

«Бәрі тамаша»: Журналист қазақ футболының дамуына қатысты пікір білдірді

Журналист Аслан Қаженов әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ футболының жас буынына зор сенім білдірді. Ол соңғы күндері отандық жас ойыншылардың халықаралық ареналардағы жетістіктерін ерекше атап өтті, деп жазады qandastar.kz.

Қаженовтің айтуынша, қазақстандық футболшылар чемпиондар лигасында гол соға бастауы – тарихи көрсеткіш. «Копенгагенге» қарсы өткен матчта Дастан Сәтпаев пен Олжас Байбек мергендігімен көзге түсіп, ел назарын аударды.

Журналист қазіргі 21 жасқа дейінгі ұлттық құраманың әлеуеті жоғары екенін, сондай-ақ олардың ізін басып келе жатқан 19 және 17 жасқа дейінгі ойыншылар да Нидерланды, Ирландия, Хорватия секілді елдердің командаларын жеңіп, тамаша нәтижелер көрсетіп жүргенін тілге тиек етті.

– «Айтпағым, дәл осы толқын қазақ футболын жақын болашақта Еуропа және Әлем чемпионаттарына шығара алады. Мен оған сенемін! Сәттілік!» – деп жазды ол.

Қаженовтің бұл пікірі спорт сүйер қауым арасында қызу қолдауға ие болды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button