Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Бәріне сене берме, ешкімге керек болмай қаласың – Головкин Сметовке

Фото: скриншот

Желіде Ұлттық Олимпиада комитеті Геннадий Головкиннің Париж Олимпиадасында алтын медаль алған дзюдошы Елдос Сметовке ақыл айтқан сәттерінің видеосы тарады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

“Адамдарды көп тыңдай берме”

– Адамдарды көп тыңдай берме. Сен жайлы әлі әдемі сөздерді айтады талайы. Олар көп болады әрі. Өзімнен көргенімді айтып отырмын. Ақыр соңында, өз-өзіңмен жалғыз қаласың. Ешкімге керек болмай қаласың. Отбасыңнан басқа. Кейін менің орнымда тұрармысың… – дейді Головкин Сметовке.

Осыдан кейін екеуі төс қағыстырып, бір-біріне құрмет көрсетеді.

Сметовтің алтын медалі

Еске сала кетейік, күні кеше дзюдодан Париж Олимпиадасында 60 келідегі Елдос Сметов финалдық белдесуде жарыс қожайыны Лука Мхеидзені вазари әдісімен жеңді. Финалдық белдесулерді Франция президенті Эмманюэль Макрон арнайы барып, тамашалаған еді. Сметов бұған дейін екі Олимпиадада күміс және қола медаль алған еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close