Жаңалықтар
Барлық өңір бойынша Ораза кестесі жарияланды

Фото:depositphotos.com
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Бұл туралы діни басқарманың ресми сайты жазды, деп хабарлайды qandastar.kz
2025 жылы Рамазан айы 1 наурызда басталады, ал Қадір түні 26 наурыздан 27 наурызға қараған түнге түседі. Ораза айт 30 наурызда өтсе, Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға сәйкес келеді.
Уақыт кестесін мына сілтеме бойынша жүктей аласыз.
Діни басқарма мамандары ай күнтізбесіне байланысты бұл күндер жаңа айдың көрінуіне қарай бір күнге өзгеруі мүмкін екенін ескертті.
– Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді, – делінген хабарламада.