Бас прокуратура депутат Айдос Сарымның КҚК-ға жасалған шабуылды ақтағандарды жазалауға қатысты депутаттық сауалына жауап берді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Айдос Сарым «мұндай әрекеттер ұлттық мүддеге тікелей зиян келтіреді» деген болатын.
Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов депутаттың сауалына жауап берді.
Айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі (ұлттық алауыздықты қоздыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында бұл адамдарды анықтау жəне олардың кінəсін астайтын дəлелдемелерді жинау бойынша тиісті шаралар жүргізілуде, нəтижесі бойынша олардың рекеттері түпкілікті сараланып, процестік шешім қабылданатын болады», — делінген құжатта.
Бұдан бұрын Бас прокуратура масс-медиада заңсыз контенті бар жалған ақпарат пен басқа да жарияланымдарды таратуға жол берілмейтіні, сондай-ақ мұндай əрекеттер үшін қылмыстық жəне əкімшілік жауаптылық көзделетіні туралы ескертетін баспасөз хабарламасын жариялаған болатын.
Азаматтармен осындай түсіндіру жұмыстарын жергілікті прокурорлар тұрақты түрде жүргізіп келеді.



