Жылжымайтын мүлік сарапшысы Арман Әбденов Астанада салынып жатқан жаңа тұрғын үй кешендерінің құнына наразылығын білдірді. Ол Bl Group компаниясының басшылығына бағаларды қайта қарауды ұсынды, деп жазады qandastar.kz finratingskaz парақшасына сілтеме жасап.
«Сіздер енді ғарышқа емес, басқа галактикаға ұшып кеткен сияқтысыздар. Өздеріңізді Дубайда немесе Майамиде тұрғандай сезінесіздер. Ол — мүлдем бөлек нарық. Сіздер Қазақстанда құрылыс салып жатырсыздар. Халықпен бір деңгейде болу керек», — деді сарапшы.
Әбденов әсіресе Atlant Unique және Nexpo Global жобаларындағы бағаны сынға алды. Оның айтуынша, бұл тұрғын үйлердің шаршы метрі 1,5–1,7 млн теңге, ал сатылым басталғанына бір ай ғана өткен.
«Бұл — шок баға», — деді ол.



