ӘкімЖаңалықтар

«Басқа шаруа жетеді»: Сәтпаевтың әкімі қаланың фотоальбомын шығарып, сынға қалды

Сәтбаев қаласының тұрғындары қала әкімі Мұрат Бөрібаевтың бастамаларына наразы екенін білдірді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі gazizaraimbeknews парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Олардың айтуынша, әкім шынайы мәселелерді шешуден гөрі имидждік жобаларға көбірек көңіл бөледі. Мұндай пікірлер қала туралы фотоальбомның таныстырылымынан кейін күшейген. Альбомның авторы — әкімнің өзі. Тұрғындар іс-шара туралы алдын ала хабарланбағанын, сондай-ақ жобаның қаржыландыру көздері мен баспаның таңдалуына қатысты сұрақтар көп екенін айтады.

Қала халқының сөзінше, Сәтбаевта қордаланған мәселелер жетерлік: жанып жатқан қоқыс полигоны, ескірген тұрғын үйлер, тозған инженерлік желілер.

Олардың айтуынша, басқарушы компаниялар жағдайды реттей алмай отыр, ал мемлекеттік органдарға жасалған арыз-шағымдар айтарлықтай нәтижеге жеткізбеген.

Back to top button