ЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

Бассейн саламын деп 130 млн бюджеттің қаржысын жымқырған азамат ұсталды

Фото: википедия

Қарағанды облысында бассейн салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырып, үкіметке 130 млн астам залал келтірген азамат ұсталды. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. 

Балалар спортын дамытуға арналған әлеуметтік маңызы бар объектінің құрылысын бақылаған азамат құрықталды. Ол орындалған жұмыстардың жалған актілері бойынша жеткізілмеген құрылыс материалдарының қаражатын өзіне қарасты кәсіпорынның шотына аударып отырған. Сондай-ақ бассейн құрылысына қатысы жоқ басқа да кәсіпорындардың атына қаражат аударған.

Бұл жымқыру фактісі кешенді құрылысы-экономикалық соты мен экономикалық сот сараптамаларының қорытындысына сәйкес жүргізілген жұмыстар нәтижесінде анықталды.

Аталған азамат ұсталып, оған қатысты сот «үй қамаққа алу» шарасын қолданды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close