Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Басшының бәрі осындай болса ғой»: Қадыр Мырза Әлидің өлеңін жатқа оқыған әкім елдің ықыласына бөленді

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов 2025 жылдың қаңтар айында ашылған белсенді ұзақ өмір сүру орталығының белсенділерімен кездесуде ерекше өнерін көрсетті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Әкім қарияларға Қадыр Мырза Әлидің өлең жолдарын оқып беріп, ду қол шапалаққа ие болды.

«Жылқыменен,
Түйеменен,
Қойменен
Есептеген емеспін мен байлықты.
Шығуменен биігіне мансаптың
Есептеген емеспін мен бақытты.
Ел-жұртыма ұнамасам — қамықтым.
Әр күн онда менің үшін тамұқ-тұн.
Байлығым да,
Бақытым да,
Қызық та —
Маған қалай қарауында халықтың!» — дейді әкім.

Желі қолданушылары әкімнің бұл әрекетін жоғары бағалап, ізгі лебіздерін білдіріп жатыр.

Айта кетері, орталыққа шамамен 30 адам психология, жүзу, йога, музыка және қолөнер бағыттары бойынша сабақтарға қатысады.

Сыртқы іс-шараларға қатысу үшін шағын автобус сатып алынған.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button