Жаңалықтар

«Басын қабырғаға ұрған»: Астанадағы балабақшаның тәрбиешісі 3 жасар балаға күш көрсетті деп айыпталды

Әлеуметтік желіде елордалық балабақша тәрбиешісінің 3 жасар балаға күш көрсеткен сәті бейнеленген видео тарады, деп жазады qandastar.kz сайты kaz.nur.kz-ке сілтеме жасап.

Кopsozkz Telegram-арнасында Астана қаласындағы «Алтоша» балабақшасында тәрбиешінің үш жасар балаға күш көрсеткені туралы ақпарат жарияланған болатын. Ондағы мәліметке сай, анасы ұлының денесінің көгергенін байқап, бейнебақыылау камераларын қарауды сұраған.

Видеодан балабақша қызметкері баланы қатты жұлқыып қалып, оның басын керегеге ұрып жіберетінін көруге болады. Анасының сөзінше, оқиғадан кейін енді ғана сөйлеп үйреніп жүрген бала сөйлемей қалған, – делінген видеоның сипаттамасында.

Астана қаласының білім беру басқармасының өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне пікір білдірді.

Биыл қарашада жеке меншік балабақшада тәрбиеші үш жастағы балаға қатысты күш көрсеткені тіркелді. Қазіргі таңда тәрбиеші қызметінен босатылды. Басқарма мамандары балабақша қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді, – делінген ведомство хабарламасында.

Бұл дерек бойынша құқыққорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны нақтыланды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button