Жаңалықтар

«Басын тасқа соққан»: Оралда жасөспірім қызды құрбылары аяусыз соққыға жыққан

Орал қаласында жасөспірім қыздың соққыға жығылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады  turkystan.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Куәгердің  әлеуметтік желіде жазғанына сенсек, оқиға 7 шілде күні болды.

Оның жазуына қарағанда, екі жасөспірім қыз кәмелетке толмаған құрбысының ішінен жұдырықпен ұрған. Қыз құлап, басын тасқа соққан, аяғында жарақаты бар.

«Осының бәрі екі ұл баланың көзінше болды. Олардың бірі қызды серуендеуге шақырған. Сол жерде екі бұрынғы құрбысы күтіп тұрған. Қазіргі кезде анасы мен қызы полиция бөлімшесінде, олардан жауап алынуда», деп жазды куәгер.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, қасақана денсаулыққа жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close