
Батыс Қазақстанда өрт сөндірушілер өртенген үйден үш адамның мәйітін алып шықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Қайғылы оқиға Бөрлі ауданы Ақсай қаласында болған.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Ақсай қаласындағы Северная көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
Құтқарушылар келгенде өрт тұрғын үйді толық шарпығанын анықтады.
Өртті сөндіру барысында үй ішінен үш адамның мәйіті табылып, құтқарушылар оларды сыртқа шығарды.
Өрт 90 шаршы метр аумақты шарпыған.
Қазір өрттің шығу себебі анықталуда, деп хабарлады БҚО Төтенше жағдайлар департаменті.
Өртті сөндіруге БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің 14 өрт сөндірушісі мен үш техникасы жұмылдырылды.
Ресми мәлімет бойынша, үйде бір адам тұрған.


