
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында дрон сынықтары табылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Бұл туралы өңірлік полиция департаменті хабарлады.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, белгісіз нысан елді мекендерден тыс аумаққа құлаған.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта тиісті қызметтер тексеру жұмыстарын жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталды.
Айта кетері, бұл – соңғы айларда Батыс Қазақстан облысында тіркелген осындай бесінші жағдай. Бұған дейін ұқсас сипаттағы сынықтар Бөкейорда, Тасқала және Жәнібек аудандарының аумағынан табылған.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бұрын анықталған нысандардың басым бөлігі Ресей Федерациясының шекаралас аумақтарында орналасқан сынақ полигондарының қызметімен байланысты болуы мүмкін екенін мәлімдеген.



