Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Батыс Қазақстанда үш адам қарлы боранда үсік шалып, қаза тапты

Өңірде ауа райының қолайсыздығынан қаза тапқандар саны үш адамға жетті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы «Мой городқа» сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қолайсыз ауа райы кезінде жоғалып кеткен үш ер адамның денесі табылды.

Жәнібек ауданының 57 жастағы тұрғынын, Бөкейорда ауданының 25 жастағы тұрғынын және Казталов ауданының 35 жастағы тұрғынын үсік шалған.

Ақжайық ауданының 54 жастағы тұрғыны тірі табылды, алайда аяқ-қолы үсіп қалған.

Ол Орал қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ тағы бір адам – Жәнібек ауданының 59 жастағы тұрғыны із-түзсіз жоғалып кетті.

Құтқарушылар, әскери қызметкерлер, полиция қызметкерлері және жергілікті әкімдік қызметкерлері оны іздестіруде.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button