Шоу бизнес

Баян Алагөзова бақытты сәттерімен бөлісіп, жұртты қызықтырып қойды

Продюсер Баян Мақсатқызы Жаңа жыл қарсаңында отбасымен түскен әсерлі суретін әлеуметтік желіде жариялады. Фотода ол жұбайы мен егіз қыздарымен бірге мерекелік шыршаның жанында бейнеленген, деп жазады qandastar.kz.

Өнер иесі жазба астында оқырмандарын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«Жаңа жыл құтты болсын! Баршаңызға бақыт пен береке әкелсін. Өтіп бара жатқан жылға алғысым шексіз», – деп жазды Баян Мақсатқызы.

Продюсердің отбасылық фотосы желі қолданушыларының үлкен қызығушылығын тудырып, аз уақыт ішінде мыңдаған лайк пен пікір жинады. Көпшілік Баян Мақсатқызына бақыт, отбасы амандығы мен жаңа табыстар тілеп, егіз қыздарының әкелеріне қатты ұқсайтынын атап өткен.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Bayan Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)

Ұқсас Мақалалар

Back to top button