ДенсаулықЖаңалықтар

Баян Алагөзованың құдағиы ықпалды әйел атанды

Белгілі қазақстандық дәрігер, хирург-онколог Диляра Қайдарова әлем бойынша онкология саласындағы ең ықпалды 100 әйел маманның қатарына кірді, деп жазды qandastar.kz

2023 жылдың 26 тамызында АҚШ-та атап өтілетін Әйелдердің теңдігі күніне орай OncoDaily платформасы дүниежүзілік онкология саласындағы 100 ерекше әйел көшбасшысын таныстыру бастамасын бастаған еді. Платформа әр апта сайын 10 маманнан жариялап, толық тізімді қалыптастырды. Кейін ол 2024 жылы жаңартылды.

Дәстүр жалғасып, 2025 жылы да OncoDaily әлеуметтік желілерде бақылауға тұрарлық онкология саласындағы 100 ықпалды әйелдің жаңа тізімін жариялады. Сол тізімге С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің (ҚазҰМУ) бірінші проректоры Диляра Қайдарова енді.

30 жылдан астам тәжірибесі бар маман «Together Against Cancer» қоғамдық қорын құрған. Қордың мақсаты – Қазақстанда қатерлі ісіктің алдын алу, ерте диагностикалау және емге қолжетімділікті арттыру үшін медициналық қауымдастықты, шешім қабылдаушыларды және азаматтық қоғамды біріктіру.
Диляра Қайдарованың медицинадағы көшбасшылығы бірқатар беделді марапаттармен танылған.

Солардың ішінде Thomson Reuters ұйымының қатерлі ісік бойынша зерттеу мен білім беруге қосқан елеулі үлесі үшін берілетін «Leader of Science» сыйлығы да бар.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button