Жаңалықтар

Баян Мақсатқызымен арада не болды? Гүлнұр Мамасарипова шындықты айтты

фото: brod.kz

Танымал продюсер әрі «Келінжан» сериалының авторы Гүлнұр Мамасарипова өміріндегі ең өкінішті сәттердің бірімен бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz

Ол кезінде белгілі продюсер Баян Мақсатқызымен жақсы дос болғанын, алайда арадағы достықтың сақталмай қалғанына өкініш білдірді.

– Өмірде өкінетін бір-ақ нәрсе бар – ол сол достықты сақтап қала алмауымыз. Қалғанының бәрі өткінші. Жұмыс та табылды, сериалдарымды жалғастырып түсірдім. Бірақ сондай нәзік дүниені сындырып алдық. Кей адамдармен ренжісіп қалсаң да, уақыт өте араласып кетесің. Ал ең жақын адамдармен қарым-қатынас үзілсе, «сен бар, мен бар» дегенше біраз уақыт өтіп кетеді екен. Қазір араласпаймыз, – деді ол.

Back to top button