Әлем жаңалықтары

«Бедеулік пен қатерлі ісікті тудырады»: Қытайлық маркетплейстердің киімдерінен улы заттар табылды

Фото: ашық дереккөз

Қытайдың AliExpress, Temu және Shein интернет-платформаларында сатылатын бас киімдер мен аяқ киімдерден улы зат табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Yonhap News Agency сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

12 шілде-9 тамызда Сеул билігі Қытайдың үш базарынан 144 тауарды тексерді. Оның ішінде 94 азық-түлік қаптамасы, 13 косметика, 28 аяқ киім мен бас киімдер және 9 гигиеналық құрал болды.

Нәтижесінде екі жұп сандалидің құрамында 167,5 және 229,2 есе жоғары фталат пластификатор анықталған. Фталат пластификаторлар қатерлі ісік пен бедеулікті тудыруы мүмкін.

Сондай-ақ аяқ киімдегі никель мөлшері де рұқсат етілген деңгейден 2-9 есе асып түсті. Бұл дерматит тудыруы мүмкін.

Үш бас киімде формальдегид мөлшері 2 есе жоғары, ал қышқылдық индексі 9,3 болған. Екі алюминий банкадағы никель мөлшері рұқсат етілген шектен 2 есе асып түсті. Тырнақ лагінде қалыпты деңгейден 3,6 есе жоғары диоксан мөлшері бар. Метанол рұқсат етілген мәннен 1,4 есе артық болды.

Сеул билігі қытайлық онлайн платформалардан осы 11 өнімді сатуды тоқтатуды талап етті. Олар аяқ киім мен бас киім сатып аларда сақ болуға кеңес берді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close