Жаңалықтар

Бейбіт Қорған мас күйде ұшақта шу шығарды

Фото: ашық дереккөз

Әнші Бейбіт Қорған Алматыдан Атырауға бағытталған рейс кезінде қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін сот шешімімен айыппұл төлеуге міндеттелді, деп жазды qandastar.kz

Оқиға әуе рейсі барысында орын алған. Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, Бейбіт Қорған мас күйде ұшақ бортында дөрекі сөздер айтып, экипаждың ескертуіне құлақ аспаған. Ережелерді елемегені үшін ол Атырауға қонған соң полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Құқық қорғау органдары әншіге қатысты «Ұсақ бұзақылық» және «Құқық қорғау органының заңды талабына бағынбау» баптары бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Атырауда өткен сот отырысында Қорған аталған құқықбұзушылықтар бойынша кінәлі деп танылып, оған 196 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, мұндай оқиға бұған дейін де тіркелген. Танымал әнші Жұбаныш Жексенұлы әуежайда дау шығарып, оны видеоға түсірмек болған әйелдің телефонын қағып алғаны үшін жауапқа тартылған. Сот оны ұсақ бұзақылық бойынша кінәлі деп танып, 78 640 теңге айыппұл салған. Жексенұлы өз әрекеті үшін кешірім сұрап, ұшар алдында алкоголь тұтынғанын мойындаған.

Back to top button