Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Bek Air апатына марқұм ұшқыштар кінәлі танылып, сот шешімі шықты

Алматының Түрксіб аудандық соты 2019 жылғы желтоқсанда орын алған Bek Air ұшағының апатына байланысты істің үкімін шығарды, деп хабарлайды qandastar.kz

Іс материалдары бойынша қайғылы оқиғаға байланысты қаза тапқан ұшқыштар Миржан Молдақұлов пен Марат Мұратбаев айыпталушы ретінде танылды.

Олар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлімі – «Жол қозғалысы немесе темір жол, әуе, теңіз немесе өзен көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу» бойынша кінәлі деп танылды. Алайда, олардың қайтыс болуына байланысты сот тарапынан жаза қолданылмады.

Еске салайық, апат 2019 жылдың 27 желтоқсанында орын алған. Bek Air әуе компаниясының ұшағы Алматыдан ұшып шыққан соң бірнеше минут ішінде құлап, қоршауға және жеке тұрғын үйге соғылған. Апат кесірінен 12 адам қаза тапқан.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button