Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Бектенов даму қарқыны бойынша артта қалған әкімдерді сынға алды

Үкімет отырысында еліміздің биылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Сондай-ақ Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, Абай облысының әкімі Берік Уәли және Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің баяндамалары тыңдалды.

Премьер-министр Олжас Бектеновың мәліметінше, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша еліміздің 12 өңірінде оң динамика қалыптасып отыр.

Олардың қатарында Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Түркістан,  Жетісу, Ұлытау облыстары, сондай-ақ Астана және Алматы қалалары бар.

Алайда Атырау, Абай және Ұлытау облыстары жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізбеген.

Олжас Бектенов облыс әкімдері барлық мәселені тікелей бақылауға алуы қажет екенін баса айтты.

«Артта қалған өңір әкімдері барлық түйткілді мәселені тікелей бақылауға алып, шұғыл түрде нақты шаралар қабылдауы қажет», — деп атап өтті премьер-министр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button