Бүгін Үкімет отырысында премьер Олжас Бектенов Kazakh Tourism ұлттық компаниясының жаңа төрағасының баяндамасын тыңдап, алдын ала ескерту жасады. Бұл туралы Qandastar.kz порталы Аtamekenbusiness_qaz Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Талғат Жанатұлы, сіз бұл қызметке жаңадан келдіңіз, соған қарамастан біз сізден нақты нәтижелер күтеміз. Нәтиже болса жұмысыңызды жалғастырасыз, нәтиже болмаса, қоштасамыз», — деді премьер-министр.
Талғат Ғазизов жақында Kazakh Tourism ұлттық компаниясының төрағасы болып тағайындалды. Бұған дейін Қазпоштаның басқарушы директор қызметін атқарған.
Kazakh Tourism компаниясы туризм саласына инвестиция тартумен, маркетингпен және Қазақстанды халықаралық деңгейде ілгерілетумен айналысады.



