Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Бектенов Конституцияға қатысты бұрмаланған ақпараттар тарап жатқанын айтты

Үкімет басшысы жаңа Конституция жобасын халыққа түсіндіру бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Жиынға Үкімет мүшелері мен өңір әкімдері қатысты.

Премьер-министр барлық деңгейдегі министрліктер мен әкімдіктерге жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Жалған әрі бұрмаланған ақпараттармен күресуге баса назар аударылды.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын арандатушылық сипаттағы жарияланымдар тіркелуде. Ішкі істер министрлігіне «Заң мен тәртіп» қағидатына сәйкес, жалған мәліметтерді таратқаны үшін қатаң құқықтық әрекет және жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету тапсырылды.

Үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button