28 қазан күні өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Энерго» компаниясының басшысы Қайрат Мақсұтовқа ескерту жасады, деп хабарлайды qandastar.kz
Бектенов Мақсұтовтың 16 минутқа созылған баяндамасын тым ұзақ деп бағалап, спикерлерге ақпаратты қысқа әрі нақты жеткізудің маңызын ескертті.
«Баяндамаңыз өте ұзақ болды. Қысқаша, мәнді айту қажет. Уақытты тиімді пайдалануымыз керек», — деді Үкімет басшысы.
Сондай-ақ, ол Үкімет отырыстарында мазмұнды, бірақ ықшам сөйлеп, негізгі мәселеге баса назар аударудың қажеттігін атап өтті.
Айта кетейік, бүгінгі жиында электр энергетикасын дамыту мен саланы цифрландыру мәселелері талқыланды.



