
Орал қаласында Премьер-Министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының инфрақұрылымды дамыту, абаттандыру және су тасқынының алдын алу жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді, деп хабарлайды qandastar.kz
2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға арналған үйлер мен Жайық өзенінің бойындағы жағалауды нығайту жұмыстарының нәтижелері көрсетілді. Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға барлығы 889 тұрғын үй салынып, оның ішінде Орал қаласында 451 үй пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың қыркүйегінде толық аяқталып, үйлер қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді.
Премьер-Министр Жайық өзенінің бойындағы жағалауды нығайту және реконструкциялау жұмыстарымен танысты. Су тасқынынан қорғау үшін ұзындығы 383,6 метр бөгет салынды. Облыс көлемінде жалпы ұзындығы 143 шақырым қорғаныс бөгеттері, 9 шақырым су бұру каналдары құрылып, 74 шақырым магистральдық канал тазартылды. Жағалауды реконструкциялау 2025 жылдың мамыр-қыркүйек айлары аралығында жүргізіліп, өзен жағалағы биіктетілді, барлық аумақ абаттандырылып, қоршаулар орнатылды.
Абаттандыру жұмыстары аясында 8 мың шаршы метр алаңға тротуар төселіп, 102 көше шамы орнатылды. Сондай-ақ 16 мың шаршы метрден астам көгал отырғызылып, 768 ағаш көшеті егілді. Балалар ойын алаңы, спорт алаңы, воркаут-аймақ және басқа да қоғамдық нысандар реконструкцияланып, қаланың инфрақұрылымы айтарлықтай жаңартылды.



