Премьер-министр Олжас Бектенов жекеменшік мектептер мен медициналық ұйымдарға көрсетілетін мемлекеттік қолдауды қайта қарау қажеттігін мәлімдеді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Рolitico.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Үкімет басшысының айтуынша, мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындала береді, алайда жеке секторға берілетін артық қаржыландыруды тоқтату қажет.
«Егер бизнес адал бәсекелестік жағдайында жұмыс істей алмаса, бізге ондай бизнес мүлде керек пе? Бұл салада алаяқтықтың кең таралғаны баршаға мәлім», – деді Олжас Бектенов.
Осыған байланысты Премьер-министр Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктеріне бір апта ішінде субсидиялау саясатын өзгерту және қаржыны теріс пайдалану тәуекелдерін азайту бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.



