Шоу бизнес

Бекжан Тұрысқа Назарбаев 400 мың доллар ұсынған

Актер Бекжан Тұрыс өзінің 400 мың доллар көлеміндегі ұсыныстан бас тартқанын және оның орнына туған ауылына су шығарып беруді өтінгенін айтып берді, деп жазады qandastar.kz.

Бұл туралы ол QazaqAiran YouTube арнасына берген сұхбатында сөз етті.

Актердің айтуынша, оған мұндай ұсынысты режиссер Арман Қарабаев жасаған. Ол Бекжанға қоңырау шалып, бір жерде беташар өткізу керек екенін, ал оның беташарды ерекше жақсы жасайтынын айтқан. Тұрыс барған кезде үй иелері жылы қарсы алыпты.

«Бір кісі шығып: «О, бұл Бекжан ғой!» деді. Сөйтсек, ол беташар болатын үйдің әкесі екен. Мен беташарды өткізіп бердім, содан кейін шынын айтқанда, маған өте көп ақша ұсынды», — дейді актер.

Оның сөзінше, әуелі «400» деген санды естігенде не туралы айтып тұрғанын түсінбей, келісімін білдірген. Кейін сейфті ашып, ішіндегі ақшаны көргенде ғана 400 мың доллар ұсынылып тұрғанын аңғарған.

«Мен бірден: «Жоқ, бұл ақшаны алмаймын» дедім. Егер шынымен осындай сый жасамақ болсаңыздар, менің ауылыма су шығарып берулеріңізді сұраймын», — деп еске алады Бекжан Тұрыс.

Бұл ұсынысты естіген үй иесі қатты таң қалып, актерді нағыз азамат деп бағалап, қолын қысқан.

Желіде ол үлкен адамның Нұрсұлтан Назарбаев болғаны айтылды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button