
«Алтын домбыра» иегері, «Айтыс ақтаңгері» атанған белгілі айтыскер, ұстаз әрі ғалым Айбек Қалиев Арқалық қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды. 2025 жылғы 26 қазанда өткен сайлауда ол өз қарсыластарынан айқын басымдықпен озып шыққан, деп хабарлайды qandastar.kz
Жаңа депутат Арқалық қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында ресми түрде таныстырылды. Сайлау нәтижелерін Арқалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Арыстан Айтмағамбетов жариялады. Салтанатты жиында Айбек Қалиевке депутаттық куәлік пен төсбелгі табысталды.



