Қаңтар айының басында елордада ер адам өзінің азаматтық жұбайына — әнші Маржан Арапбаеваға күш қолданған. Ақпарат көздерінің мәліметінше, оқиға қоғамдық орында болған. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Pro Kadry Kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сот ер адамды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алған.
Әлеуметтік желілерде жарияланған жазбалар мен қоғамдағы резонанстан кейін полиция аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, ер адам алғашында балағат сөздер айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал әйелге қатысты күш қолдану фактісі кейіннен анықталған.
Аталған дерек бойынша дене жарақатын салу фактісімен бөлек арыз тіркеліп, қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция өкілдері оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты анықталатынын және кез келген агрессия заң аясында қатаң түрде тоқтатылатынын атап өтті.



