Жаңалықтар

Белгілі мұхиттанушы Каспий теңізінің жоғалып кету қаупіне қатысты сұраққа жауап берді

Фото: gov.kz
Белгілі мұхиттанушы Каспий теңізінің жоғалып кету қаупіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей ғылым академиясы жанындағы мұхиттану институтының қызметкері Владимир Шевченконың айтуынша, қазір Каспий теңізінің жоғалып кетуіне ешқандай алғышарттар жоқ, себебі теңіздегі су деңгейі үнемі көтеріліп, төмендеп отырады.

Шевченко ғалымдардың Каспий теңізіндегі су деңгейінің өзгеруін 200 жылдай бақылап келе жатқанын айтады. Судың ауытқуы кейде ондаған метрге жететіні белгілі. Сонымен қатар қазір су қоймаларының салуымен байланысты су ағынының жекелеген құрамдас бөліктерінде мәселелер туындап отырады. Алайда, бұл теңіз жоғалады деуге негіз бермейді.

Айта кетейік, Каспий теңізіндегі су деңгейі 2006 жылдан бері төмендеп, 2022 жылы рекордтық деңгейге жетті.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев түркі мемлекеттерін Каспий мен Арал теңізінің экологиялық мәселелерін шешу үшін бірігуге шақырған еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close