
Мемлекеттік сатып алу саласының сарапшысы Бибек Жүнісов Қазақстан Президентіне кезекті рет үндеу жасады, деп хабарлайды qandastar.kz
Ол өзінің мәлімдемесінде Omarket атты жекеменшік сайт әрбір мемлекеттік тендерден 5 пайыз комиссия ұстайтынын айтты.
Сарапшының сөзінше, аталған компанияның құрылтайшыларының арасында Ресей азаматтары бар. Оның айтуынша, бұл тұлғаларды ҚР Қаржы министрі қорғап отыр.
«Нәтижесінде халықтың миллиардтаған теңгесі шетелге кетіп жатыр», – дейді Жүнісов.
Бұл мәселе ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Айбек Арқабайұлының назарына ұсынылды.



