Жаңалықтар

Белгілі спортшы өзі жазған сценарийі бойынша фильм түсіруге кіріседі

Фото: sport-pulse

Белгілі спортшы, қоғам белсендісі әрі блогер Қуат Хамитов 2026 жылы көктемде өзінің алғашқы толықметражды фильмін түсіретінін жариялады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп жазды qandastar.kz

Спортшының айтуынша, жобаның идеясы мен сценарийі толығымен өзіне тиесілі. Сонымен қатар, фильмнің барлық шығынын өзі қаржыландырады.

«Иә, бұл – рас: келесі жылы көктемде мен алғашқы фильмімді түсіруді жоспарлап отырмын. Сценарийді өзім жаздым, актерлерді жеке таңдаймын және жобаны толығымен өзім қаржыландырамын. Бұл фильм мен үшін жай ғана дебют емес, оның Қазақстан кинематографиясында жаңа тыныс болғанын қалаймын», – деді Қуат Хамитов.

Ол сонымен қатар кейбір қыз-келіншектерге өзі хабарласқанын айтып, бұл олардың фильмдегі рөлге үміткер екенін білдіретінін жасырмады.

Қазіргі таңда жобаның нақты атауы мен жанры белгісіз. Алайда Қуат Хамитов бұл туынды арқылы қазақстандық киноөндіріс саласына өзіндік үлес қосуды көздеп отырғанын атап өтті.

Back to top button