Әлеумет және қоғам

Белгілі сынықшы блогер Ырысбалаға шүйлікті

Фото: ашық дереккөз

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде Ырысбала Икрамбайдың атына қатысты үлкен дау туындады. Қоғам белсенділері оны ашық есеп беруге шақырып отыр. Солардың бірі ақтөбелік емші атанған — Бағдагүл емші, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған бейнежазбада Бағдагүл сынықшы Ырысбаланы ұнатпайтынын ашық айтады.

«Ырысбала, сен күшті болсаң, артың таза болса, неге жұртты шулатып, аузыңа келгенді айтып жүрсің? Шық та, халыққа есеп бер! Әшейінде тілің ұзын, тісің тас жарады ғой. Әкеңнің ақшасы емес қой, елдің қаржысы. Мен де мысалы есеп берем, әр адам беруі керек. Халықтың сенен есеп алуы – дұрыс», – деп ашық сынға алады.

Бұл сөздер желіде қызу талқыға түсті.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close