
Фото: Алтын Орда.кз
Белгілі журналист Гүлбану Әбенова Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровты қоғамдық ашықтық пен жауапкершілікке шақырып, тікелей эфирде сұхбат өткізуге ұсыныс жасады, деп жазды qandastar.kz
Әбенова өзінің әлеуметтік желідегі үндеуінде депутаттың еңбек жолы мен біліміне қатысты қоғамда туындаған сұрақтарға нақты жауап беруін талап етті. Ол пікірталас алаңын шартты түрде «октагон» деп атап, бұл тек айтыс немесе дау емес, шындық үшін күрес екенін айтты.
«Мен, журналист ретінде, сізді тікелей эфирге ашық сұхбатқа шақырамын. Бұл — халық алдында адалдық пен шындық үшін күрес алаңы. Сөз жеткілікті. Енді нақты жауап пен ашықтық керек», — деді журналист.
Гүлбану Әбенова депутаттан білімі, өмірбаяны, студенттік жылдары және еңбек жолы туралы нақты мәліметтер беруді сұрап отыр. Сондай-ақ, ол Ардақ Назаровты уәде мен популизмнен іспен дәлелдеуге үндеді.
«Халық сіздің шынайы кім екеніңізді білгісі келеді. Қолғаптың орнына дипломыңызды, фотосуреттеріңізді алып келіңіз. Ашық сұхбатқа дайын болыңыз», — деп атап өтті ол.