ЖаңалықтарСпорт

Бельгия Астанада «Борат» костюмін киген жанкүйерлердің қамалуына қатысты пікір білдірді

Бельгияның Сыртқы істер министрлігі Астанада «Қайрат» пен «Брюгге» арасындағы футбол матчы өткеннен кейін үш азаматының ұсталуына қатысты ақпаратқа пікір білдірді, деп жазады qandastar.kz. сайты Independent басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, бельгиялық жанкүйерлер стадионға «Борат» кейіпкерінің костюмін киіп келгеннен кейін бес тәулікке қамауға алынған. Журналистер Бельгия СІМ-іне сауал жолдап, ведомство өкілдері оқиғадан хабардар екенін растады.

«Біз өз азаматтарымызға қажетті консулдық қолдау көрсетіп отырмыз. Алайда құпиялылық талаптарына байланысты қосымша ақпарат бере алмаймыз», – деп хабарлады министрлік.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде «Қайрат» – «Брюгге» матчы кезінде жанкүйерлердің сырт киімдерін шешіп, «Борат» фильміндегі купальниктерді көрсеткен сәті түсірілген бейнежазба тараған болатын. Осыдан кейін оларды полиция қызметкерлері ұстады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button