ДенсаулықЖаңалықтар

Белсенді Дидар Смағұлов министрлікте лоббисттер отқанын айтты

Белсенді Дидар Смағұлов Денсаулық сақтау министрлігі француздық фармацевтикалық компания Sanofi мүддесін қолдап отыр деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Мәжіліс Қоғамдық палатасының мүшесі ретінде вице-министр Тимур Сұлтанғазиевпен өткен кездесуде де айтқан, деп жазады qandastar.kz

Смағұловтың пікірінше, АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы (SEC) 2018 жылы Sanofi-дің Қазақстандағы мемлекеттік сатып алуларда жеңу үшін лауазымды тұлғаларға пара бергені туралы мәліметтер жариялаған. Қазақстан 2013 жылдан бері Sanofi-ден 150 млрд теңгеге жуық  вакцина сатып алған.

Белсенді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанға компанияның вакцинасына асығыс көшпеуді, себебі оның тиімділігі төмендеу екенін және дамыған елдерде көкжөтелдің қайта өршуіне ықпал етуі мүмкін екенін ескерткенін де атап өтті.

«Бірақ ДДСҰ ұсыныстары біздегі министрлікке қажет емес сияқты. Себебі қалта қампайту маңыздырақ», – деді Смағұлов.

Оның айтуынша, Sanofi АҚШ-та 25 млн доллардан астам айыппұл төлегеннен кейін де Қазақстанға вакцина жеткізуді жалғастырған. Белсенді осы мәселеге байланысты Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне және АҚШ елшілігіне қосымша ақпарат сұрап жүгінген. Сонымен қатар Смағұлов Facebook-те осыған қатысты пост жариялағаннан кейін оны өшіруді сұрағандар болғанын да алға тартты.

«Қуантатыны, қазір мені бірқатар депутат, белсенділер, журналистер қолдап отыр. Ешқашан пост өшірген емеспін, өшірмеймін де, дәлелдерімнің бәріне сенімдімін және сотта да оны қорғай аламын», – деді ол.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button