БілімЖаңалықтар

Белсенді министрдің мұғалімдерден кешірім сұрауын талап етті

Жетісай ауданында биылғы «Ұстаздар күніне» орай тек 37 ұстаз ғана марапатталып, 8 мұғалім тізімнен шеттетіліп қалған. Бұл туралы Qandastar.kz  ақпарат порталы democrat.kz-ке сілтеме жасап  хабарлайды. 

Бұл мәселе қоғамда резонанс тудырып, Білім және ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменовадан нақты қадам жасауды талап етті.

Асанованың мәлімдеуінше, марапаттау процесі ашық емес және әділетсіз болды, конкурс критерийлері анықталмаған, ал 8 ұстазға «неге тізімге кірмеді» деген сұраққа жауап берілмеген. Журналист министрліктен қателікті мойындап, кешірім сұрауды, марапаттау тізімін қайта қарап, ашық критерий енгізуді талап етеді.

Асанова сондай-ақ білім саласындағы марапат, баға және кадр саясатының ашықтығы бүкіл Қазақстан үшін маңызды екенін ескертті. Министрлік әрекет етпесе, әділетсіздік жалғаса бермек.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button