Жаңалықтар

Белсенділер Франция президенті Макроннан жылқы етінен бас тартуды талап етті

Француз актрисасы Брижит Бардоның отбасы ресми аза тұту рәсімдерінен бас тартып, жылқы етін тұтынуды тоқтатуға шақырды, деп жазады qandastar.kz.

Актрисаның жақындары Эммануэль Макронды 7 қаңтарда, Бардоның жерлеу күні өтетін аза тұту месcасына шақырмаған. Қоштасу рәсімі Сен-Тропе қаласындағы шіркеуде өтеді. Бұл туралы La Dépêche басылымы жазды.

Басылым дереккөздерінің мәліметінше, Елисей сарайы актрисаның отбасына ұлттық деңгейде қоштасу рәсімін ұйымдастыруды ұсынған, алайда бұл ұсыныс жауапсыз қалған. Бардоның жұбайы Бернар д’Ормаль билік тарапынан ұлттық құрмет ретінде жануарларды қорғау жөніндегі Мемлекеттік хатшылық құруды және «жылқы етін тұтыну сияқты сұмдықты тоқтатуды» ұсыну керек екенін мәлімдеді.

Газет сондай-ақ 2023 жылы табиғатты қорғау қорын басқарған Брижит Бардо Макронға хат жолдап, жануарларды қорғау ісіндегі «әрекетсіздігі мен батылсыздығына» наразылық білдіргенін еске салды.

Айта кетейік, Францияда жылқы етін тұтыну XIX ғасырдан бастау алады. Ол кезде соғыстар мен экономикалық қиындықтар салдарынан арзан әрі қолжетімді ақуыз көзі ретінде конина кеңінен тараған. Кейін бұл өнім француз асханасының бір бөлігіне айналып, арнайы қасапханалар мен дүкендерде сатылатын болды. Алайда соңғы жылдары жануарларды қорғау қозғалыстарының күшеюіне байланысты конинаға деген көзқарас қоғамда қызу пікірталас тудырып келеді.

Газет сондай-ақ 2023 жылы табиғатты қорғау қорын басқарған Брижит Бардо Макронға хат жолдап, жануарларды қорғау ісіндегі «әрекетсіздігі мен батылсыздығына» наразылық білдіргенін еске салды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button