
Фото: ашық дереккөз
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасады деп айыпталған Ернар Жиембайдың ісі бойынша ертең сот үкімі жариялануы тиіс. Дау тудырған қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы екі апта бұрын басталған болатын, деп хабарлайды qandastar.kz
Бүгін сотта айыпталушы Ернар Жиембай соңғы сөзін айтты. Ол өз әрекеттерін «кісі өлтіруге оқталу» емес, «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабына қайта саралауды сұрады. Сондай-ақ шын өкініп отырғанын ескеріп, бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды өтінді.
Осыдан кейін судья Абинур Қарабаев кеңесу бөлмесіне кетті.
«Үкім бүгін сағат 12:00-де жарияланады. Бірақ бұл нақты уақыт емес», – деді судья.



