Жаңалықтар

«Берік Әбдіғалиұлынан көңілім қалды» – Алмасбек Садырбай

Фото: ашық дереккөз

«Шаңырақ» ұлттық агро-қозғалысы» РҚБ төрағасы Алмасбек Садырбай Adal ADAM youtube арнасына берген сұхбатында Ұлытау облысының экс-әкімі Берік Әбдіғалиұлы туралы пікір білдірді, деп жазады qandastar.kz

«Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының ауыл шаруашылығына серпіліс беретін жаңа жоба жасай алған жоқ. Жалпы оны қызметтен босату туралы шешім бостан-босқа қабылданған жоқ қой. Президент Әкімшілігі де сараптап отыр ғой. Мен сарапшы ретінде ауыл шаруашылығы бойынша жұмысын көре алмадым. Мен ол кісіге сенім артқандардың бірі едім. Алаштың бүгінгі буындағы бетке ұстар азаматтарының бірі еді. Өкінішке қарай, Ұлытаудағы жұттан кейін ол кісіден көңілім қалды. Негісі ол кісі шаруашылық жағы емес, идеология жағында, Парламент сияқты жерде көрген дұрыс еді. Қазағым, елім деген жүрегі бар азамат. Бірақ нақты шаруа адамы емес. Бәлкім, ауыл шаруашылығы жағынан басқасын қатырған шығар, білмедім», – деді Алмасбек Садырбай.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close