Жаңалықтар

«Бессмертный полк» акциясына шақырушы әкімдердің видеолары фейк болып шықты

Фото: pexels

Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы (TSARKA) тағы бір жалған ақпарат тарап жатқанын ескертеді, деп хабарлайды qandastar.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Желіде жасанды зерде көмегімен жасалған облыс әкімдері мен басқа да шенеуніктердің бейнесін қамтитын шындыққа жанаспайтын видеолар табылды.

«Мұның бәрі 7 және 9 мамырдағы ақшалай сыйақы қарастырылған рұқсат етілмеген акцияларға («Бесмертный полк», «референдум» және т.б.) қатысуды ұсынатын көптеген бот арқылы таратылуда».

Бұрын дейін белгісіз біреу жасанды зерде көмегімен Солтүстік Қазақстан облысының әкімін қаралаған. Тараған видеода қазақстандық телеарналардың бірінің логотипі тұр, ал әкім 9 мамырда Петропавлда қала тұрғындары мен өзінің қатысуымен «Бесмертый полк» акциясын өткізуді жоспарлап отырғандарын айтады.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close