Жаңалықтар
«Бессмертный полк» шеруі: тарихшы заң аясында тосқауыл жасауды ұсынды
Тарихшы, өлкетанушы Амандық Әмірхамзин елдегі «Бессмертный полк» шеруіне қатысты пікір білдірді, деп жазды qandastar.kz
Ол «Qasqa Jol» youtube-арнасына берген сұхбатында аталған шараны заң аясында ауыздықтау керек деген ой айтты. Оған қоса кей өңірде «Бессмертный полк» шеруіне рұқсат беру жергілікті атқарушы биліктің сыртқы қысымға ұшырауының салдары екен.
«Жергілікті ішкі саясат бөлімдері «Бессмертный полк» шеруін идеологиясының артында кім тұрғанын біліп отыр деп ойлаймын. Олардың арасында адамдары бар, сырттан қаржыландыруы да мүмкін. Солардың қысымына шыдай алмай, рұқсат беруі мүмкін. Сондықтан түбегейлі жауапқа тартатындай заң аясында шара қажет. Өйткені бұл өзге елдің соғысқұмар идеологиясы әрі мемлекетіміздің ішкі ісіне араласу», – деді тарихшы.