Жаңалықтар

BI Group компаниясы корпоративке қатыспағаны үшін қызметкерлерінің жалақысын ұстап қалмақ болған

Қазақстандық әйел BI group компаниясы бейресми ұжымдық шараға қатыспағандардың жалақысынан ақша ұстап қалатынына шағымданды. Сөзінше, компанияның 30 жылдығына орай ұйымдастырылған жиынға келмегендерге 256 мың теңге айыппұл салынады деген. Ол мұндай талап әділетсіз деп санайды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Threads әлеуметтік желісінде күйеуі BI group компаниясында жұмыс істейтін әйел шағымын білдірді.

«Құрметті BI group басшылығы, корпоративтік кешіңізге қатыспаған қызметкерлердің жалақысын неге ұстайсыз? 21 маусымда Бурабайда 30 жылдық мерейтойға орай ауқымды іс-шараны жоспарлап отырсыз. Енді шараның толық құнын қызметкерден ұстап қалғыңыз келеді», – деп жазды gggg19767 атты қолданушы.

Әйелдің айтуынша, қызметкерлер алатын жалақы онсыз да аз.

“Ең алдымен, кім қатысады не қатыспайтынын анықтап алу үшін сауалнама жасауларыңыз керек еді. Соңына келгенде талап қойып, айыппұлмен қорқытудың орнына сол дұрыс. Біздің өз жоспарларымыз болуы мүмкін ғой», – деді ол.

Сондай-ақ компания жұмысшыларын сенбілікке шығарып, тазалық жұмысын жасататынын атап өтті.

«Неге қызметкерлеріңіз жайлы мектеп салып жатқанда, қоқысты тазалау керек? Бұл үшін арнайы адамдар бар. Сонда компания клининг шақырта алмай ма? Жұмысшыларды тазалық жұмысын атқаруға мәжбүрлейді, оларды түнгі 1-2-ге дейін қалдырады. Бастық пен әкім келеді деп жинатып қояды. Еңбек шартында ондай талап бары екіталай», – деді пост авторы.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close