Әлеумет және қоғамСпорт

Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы супертурнирдегі алғашқы жеңісіне жетті

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева АҚШ-та өтіп жатқан Cairns Cup 2026 халықаралық турнирінің төртінші турында жеңіске жетті. Ол тәжірибелі гроссмейстер Александра Костенюкті ұтып, турнирлік кестеде үздіктер қатарына көтерілді.

АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтіп жатқан Cairns Cup 2026 халықаралық шахмат турнирінде қазақстандық Бибісара Асаубаева алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Sportarena.kz порталына сілтеп хабарлады.

Төртінші турда отандасымыз ақ тастармен ойнап, Швейцария атынан сынға түсіп жүрген әлемнің үздік шахматшыларының бірі Александра Костенюкті жеңді. Осылайша Асаубаева жарыстағы алғашқы толық ұпайын еншіледі.

Бұған дейінгі үш кездесуде қазақстандық шахматшы Украина өкілі Анна Музичукпен, Үндістаннан келген Вайшали Рамешбабумен және АҚШ спортшысы Элис Лимен тең түскен болатын.

Төрт турдың қорытындысы бойынша Қытай шахматшысы Тань Чжунъи 3,5 ұпаймен көш бастап тұр. Ал Бибісара Асаубаева 2,5 ұпай жинап, көшбасшылар тобына қосылды.

Айта кетейік, Cairns Cup 2026 турнирінің жалпы жүлде қоры 250 мың АҚШ долларын құрайды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button