ЖаңалықтарСпорт

Бибісара Асаубаева Cairns Cup 2026 турнирінде қола жүлде иеленді

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өткен беделді Cairns Cup 2026 халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетіп, қола медаль жеңіп алды. Тоғыз турдың қорытындысы бойынша бес ұпай жинаған отандасымыз үшінші орынды америкалық Карисса Йиппен бөлісіп, 35 мың АҚШ доллары көлеміндегі сыйақыға ие болды.

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева АҚШ-та өткен Cairns Cup 2026 халықаралық турнирін жүлдемен аяқтады. Тоғыз турдың қорытындысында бес ұпай жинаған отандасымыз қола медаль иеленіп, америкалық Карисса Йиппен бірге үшінші орынды бөлісті. Осы нәтиженің арқасында екі шахматшыға да 35 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы берілді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Турнирдің жеңімпазы атанған қытайлық Тань Чжунъи 65 мың доллар еншілесе, екінші орынды америкалық Элис Ли иеленіп, 50 мың доллар сыйақы алды. АҚШ-тың Сент-Луис қаласында ұйымдастырылған Cairns Cup әйелдер арасындағы ең беделді халықаралық жарыстардың бірі саналады. Биыл турнирдің жалпы жүлде қоры 250 мың АҚШ долларын құрап, жарыс тарихындағы ең ірі сыйақы қоры ретінде тіркелді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button