Білім

Білім бөлімі қызметкерлері мемлекеттің 4 млрд теңгесін жеген

Фото: Айкын. кз

Түркістан облысы прокуратурасы Жетісай ауданының білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты мемлекеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Тергеу барысында аудандық білім бөлімінің басшылығы мен есепшілері өздерінің, сондай-ақ, туыстары мен таныстарының есепшоттарына белгіленген жалақыдан жоғары ақша аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемасын жасағаны анықталған. 2021-2023 жылдар аралығында мемлекетке 4 млрд теңгеден астам залал келтірілген.

Облыс прокуратурасының арнайы прокурорлары 41 қызметкерді, оның ішінде білім бөлімінің 2 басшысын, 1 бас есепші, 2 орынбасарын және 36 есепшіні күдікті ретінде таныды. Ауданның бұрынғы және қазіргі білім бөлімінің басшылары ұстау изоляторына жабылып, соттың санкциясымен қамауға алынды, деп жазылған ресми хабарламада.

Қазір қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастырудың барлық мән-жайы мен фактісін анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілу үстінде.

Материалды қолданған жағдайда, бастапқы 1 немесе 2-сөйлемде malim.kz сайтына гиперсілтеме беруіңізді сұраймыз. Авторлық құқықты құрметтегеніңізге алғыс айтамыз.

https://malim.kz/article/kukyk/zetisaida-bilim-bolimi-qyzmetkerleri-memlekettin-4-mlrd-tengesin-zegen-22768

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close