Жаңалықтар

Бір апта бұрын тағайындалған министрге шабуыл басталып кетті

Фото: Мәжіліс

Алматыда оқу-ағарту саласына жаңа министр Жұлдыз Сүлейменованың тағайындалуына қатысты дау-дамай басталып кетті. Тағайындалғанына небәрі бір апта болған министрге қарсы сын-ескертпелер көптеп айтылуда. Әлеуметтік желілерде белсенді Рафаэль Гасанов бірнеше пост жариялап, бұл қысымның артында бұрынғы команданың өкпе-реніштері бар деген болжам таратты, деп жазды qandastar.kz

Министрдің тағайындалған күні жарияланған видеосы жүздеген пікір жинап, халықтың көпшілігі жаңа басшыдан үлкен үміт күтетіні анықталды. Алайда, мұғалімдер мен белсенділердің сын-ескертпелері тоқтаған емес.

Алматылық мұғалім Сұлтан Сүлеев бұрынғы министрлерге қарсы шабуылдардың кезең-кезеңімен қалай өрбігенін еске салып, жаңа министрге бағытталған сыни пікірлердің ерте басталғанын атап өтті. Ол бұрынғы министрлердің  жағдайымен салыстыра отырып, Жұлдыз Сүлейменованың жұмысы оңай болмайтынын айтты.

Министр болу – тек әлеуметтік желіде белсенділік емес, маңызды шешімдер қабылдап, мемлекет мүддесіне сай саясат жүргізу екенін атап өткен ұстаз тарихшы Жұлдыз Сүлейменованың тарихтан сабақ алатынына сенім білдірді.

«Сталиннің 1929 жылғы «Табыстан бас айналу» мақаласындағы «Социализм дамыған сайын, оның жаулары да күшейе түседі» деген сөздері бүгінгі білім саласындағы кертартпа күштердің қарсылығын сипаттайды. Бастысы, жаңа министрдің ырғағын жоғалтпауы әрі алдыңғы министрлердің жолын жалғастыра білуі», — деп жазды ол.

Back to top button