ЖаңалықтарҚандастарға қолдау

«Бір әріпке бола 10 жыл сандалдым»: Қандас әйел азаматтық ала алмай жүр

Қарақалпақстаннан Қазақстанға көшіп келген қандас Гүлайым Сыдиқова он жылға жуық уақыттан бері азаматтық ала алмай келеді. Оның айтуынша, бүкіл мәселе есіміндегі бір әріптің жазылуына байланысты басталған, деп жазады qandastar.kz сайты kaz.orda.kz-ке сілтеме жасап.

Гүлайым Сыдиқова 2015 жылы күйеуімен бірге Қаскелеңдегі көші-қон қызметіне құжаттарын тапсыруға барған. Алайда, қызметкерлер оның есіміндегі «Гүлайым» сөзіндегі «й» әрпінің үстіндегі белгіге байланысты құжатты қабылдамай қойған.

Көші-қонға қаншама рет барып: «Айналайындар, мен қазақпын ғой, қарақалпақ не өзбек емеспін, неге бір әріпке шүйлігіп алдыңдар?» – дедім. Оны мен қалай жөндеймін? Осылай сандалып жүргенде төлқұжаттың мерзімі де өтіп кетті. Қазір баспанамыз жоқ, үй жалдап тұрамыз. Дұрыс жұмыс та жоқ, тапқанымыз менің денсаулығыма кетіп жатыр. Қан қысымым көтеріліп, жиі құлап қаламын. Бауырымда ісік бар, жатыр миомасы тағы бар», – дейді Гүлайым Сыдиқова.

Осыдан кейін ол есіміндегі жазуды түзету үшін әртүрлі мекемелерге жүгінген. Бірақ құжат айналымы ұзаққа созылып, осы аралықта Өзбекстан төлқұжатының мерзімі өтіп кеткен. Кейін көші-қон органдары мерзімі өткен құжат үшін айыппұл салған.

Көші-қонға қаншама рет барып: «Айналайындар, мен қазақпын ғой, қарақалпақ не өзбек емеспін, неге бір әріпке шүйлігіп алдыңдар?» – дедім. Оны мен қалай жөндеймін? Осылай сандалып жүргенде төлқұжаттың мерзімі де өтіп кетті. Қазір баспанамыз жоқ, үй жалдап тұрамыз. Дұрыс жұмыс та жоқ, тапқанымыз менің денсаулығыма кетіп жатыр. Қан қысымым көтеріліп, жиі құлап қаламын. Бауырымда ісік бар, жатыр миомасы тағы бар, – дейді ол.

Ұзаққа созылған бюрократиялық кедергілер оның денсаулығына да әсер еткен. Гүлайым Сыдиқова инсульт алып, қазір тұрақты ем қабылдап жүр. Азаматтығы болмағандықтан, мемлекеттік медициналық қызметтерге толық қол жеткізе алмай, ақылы емделуге мәжбүр екенін айтады.

Біз алақан жайып ақша не басқа дүние сұрап отырған жоқпыз. Бізге керегі – «азаматтық» деген бір жапырақ құжат қана. Қазақстандық жеке куәліктің жоқтығы қолымды байлап, денсаулығымнан айырды. Менің қазақ екенім туу туралы куәлікте де, өзбекстандық төлқұжатта да жазылып тұр. Мен енді кімге нені дәлелдеуім керек? Бір әріптің жырымен басталған сарсаң міне, 10 жылдан асты, – дейді кейіпкер.

Оның күйеуі жалдамалы жұмыс істейді, отбасы жалдамалы пәтерде тұрады. Тұрақты мәртебенің болмауы әлеуметтік қолдауға, ресми жұмысқа орналасуға және толық медициналық қызмет алуға мүмкіндік бермей отыр.

Гүлайым Сыдиқованың айтуынша, Қазақстанға алғаш көшіп келгенде құжат рәсімдеуге көмектесеміз деген делдалдардың да болғанын, алайда, олардың ақылы қызметіне қаражаты жетпегенін жеткізді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button