
Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов жары, танымал продюсер Баян Алагөзовамен қарым-қатынасының сырын ашты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Кәсіпкер өз парақшасында видео жариялады.
Айтуынша, ерлі-зайыпты бір көрпенің астында жату керек екен.
«Екіншіден, түні бойы бір-бірімізге қол тигізіп, бір-бірімізге жақсы сөздер айтуымыз керек деп ойлаймын. Ұйықтар алдында дау-дамай, сөзге келуге болмайды. Бізде бір ереже бар: кешкі сағат тоғыздан кейін өткір мәселелерді талқыламаймыз. Бір нәрсеге көңіліңіз толмай немесе сұрақ туындаса, таңғы ас үстінде талқылайық. Түнде талқыламаймыз», — деп бөлісті кәсіпкер.
Ол жұбайымен бір-біріне көбірек жақсы сөздер айту керек екенін түсінетінін, бір-бірін көбірек құрметтейтінін және бір-бірін көбірек жақсы көретінін атап өтті.
Танымал продюсер мен кәсіпкер 2017 жылы отау құрды. Екеуі қазір екі қызды бірге тәрбиелеп отыр.



