ЖаңалықтарШоу бизнес

«Бір рахаттанып қалдым»: Мәжіліс депутаты сиыр сауып, өз өнерін паш етті (ВИДЕО)

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден Bizdin Auyl отбасылық фермасында болып, сиыр сауды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Депутат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында сиыр сауған видеосымен бөлісті.

Айтуынша, сиыр сауғанды сағынып қалыпты.

«Бәріміз ауылдан шыққанбыз, ауылдың топырағынан нәр алып, еңбек етіп Адам болдық! Сиыр сауып бір рахаттанып қалдым! Нағыз релакс осы емес пе?!» — деп жазды депутат.

Желі қолданушылары депутаттың бұл өнеріне тәнті болып жатыр.

«Қарақат Жақсылыққызы жан жақты», «мына сиырдың арманы жоқ» және «депутатардың бәрі осындай болса ғой» деп жазып жатыр олар.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button